Футболдан "Астана" командасы Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы матчын өткізіп, сырт алаңда "Вильярреал" (Испания) клубынан жеңілді - 1:3.
Ойынның 17-минутында "Вильярреал" сапынан Николь Сансоне есеп ашқан. Ал 68-минутта "Астана" ойыншысы Юрий Логвиненко есепті теңестірген. 75 және 77-минуттарда испаниялық клуб сапынан Седрик Бакамбю мен Денис Черышев гол салып, есепті 3:1-ге жеткізді.
А тобындағы екінші матчта Праганың "Славия" командасы өз алаңында Израильдің "Маккаби Тель-Авив" клубын 1:0 есебімен жеңді.
"Астана" келесі ойынын 28 қыркүйекте өз алаңында "Славия" командасымен өткізеді.
Еуропа лигасында топта көп ұпай жинаған екі команда 1/8 финалға шығады. "Астана" бұл жарысқа үшінші рет қатысып жатыр. Қазақстандық клуб плей-офф кезеңіне шығып көрмеген.