Accessibility links

Атамбаев Сочиде Путинмен кездесті


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Сочи, 14 қыркүйек 2017 жыл.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Сочи, 14 қыркүйек 2017 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жұмыс сапарымен 14 қыркүйекте Сочиге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланған.

"Екіжақты мәселелерді мүмкіндік туған сайын талқылаған маңызды. Өткен жолы Мәскеуде кездескенімізде біз мигранттардың жүргізу куәлігі туралы сөйлестік. Бәрі шешіліп жатыр. Мен президенттік мерзімім аяқалғанша, біраз мәселені шешіп кеткім келеді. Әлі желтоқсан айына дейін бірнеше кездесу өтетініне қуанамын. Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыта беруіміз керек" деді қырғыз президенті кездесу барысында.

Владимир Путин болса әр кездесу сайын екі ел арасындағы қарым-қатынастың маңызы арта беретінін айтты. Ол екі мемлекет арасындағы сауда айналымында ілгерілеу бар екенін де жеткізді.

Путиннің сөзінше, Қырғызстан Еуразия экономикалық одағына кіргелі бері одақтағы өзге елдермен байланысы артқан. "Бұл әрине оң көрсеткіш, бірақ кейбір мәселелерге де мұқият болу керек" деді Путин.

XS
SM
MD
LG