Accessibility links

Солтүстік Корея Жапонияға қарай тағы да зымыран атты


Сеулде Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғаны туралы телехабарды көріп тұрған адам. Сеул, 15 қыркүйек 2017 жыл.
Сеулде Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғаны туралы телехабарды көріп тұрған адам. Сеул, 15 қыркүйек 2017 жыл.

Солтүстік Корея 15 қыркүйек күні таңертең Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралына бағыттап екінші рет зымыран атты деп хабарлады Жапония мен Оңтүстік Корея биліктері.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі зымыран максимум 770 километр биіктікке дейін жетіп, 3700 километр жер ұшқанын хабарлады.

Пентагон Пхеньян ұшырған зымыранның орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыран екенін және оның Солтүстік Кореяға немесе АҚШ-тың Тынық мұхитының Гуам аралдарындағы әскери базасына қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.

Солтүстік Корея зымыран ұшырмас бұрын Пхеньян осы аптаның басында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қарсы санкциясын күшейтуді қолдағаны үшін Жапонияны "суға батырып", АҚШ-тың "күлін көкке ұшыратынын" айтып, доқ көрсеткен. БҰҰ санкцияны Пхеньян 3 қыркүйекте сутегі бомбасын жер астында сынақтан өткізгенін және оны баллистикалық зымыранға орнатуға болатынын мәлімдеген соң күшейткен.

Солтүстік Корея 29 тамызда да Жапонияның Хоккайдо аралына баллистикалық зымыран атып, онысы Тынық мұхитына түскен.

Жапония үкіметінің бас хатшысы Иошихиде Суга Токиода журналистерге зымыранның Жапонияның жағалауынан 2000 километр алыс теңізге түскенін және зымыранның Жапонияға құлағанын айғақтайтындай сынықтары табылмағанын айтты. Ол Токио Пхеньянның зымыран ұшырғанын қатаң айыптайтынын және "тиісті жауап" беретінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG