Accessibility links

Түркия НАТО-ның сенімді одақтасты болып қала беретінін мәлімдеді. Түркия президенті Режеп Ердоғанның өкілі Ибрагим Калин Анкараның Мәскеумен жақсы қарым-қатынас орнатуы Түркия Батыс елдерінен іргесін ажыратады дегенді білдірмейтінін айтты.

Бұған дейін НАТО-ның бірнеше мемлекеті Түркияның Ресейден екі жарым миллиард долларға С-400 зениттік зымыран кешендерін сатып алатыны туралы ақпаратқа наразылығын білдірген болатын.

Батыс елдері ресейлік қару-жарақтың НАТО-ның техникалық стандарттарына сай келмейтінін айтады. Пентагон АНТО-дағы серіктестер мұндай қару-жарақтарды сатып алмағаны жөн деген тілегін білдірген.

Ержоған бұған жауап ретінде Түркияның өз қорғанысына қажет деп тапқан кез-келген қару-жарақты сатып алуға хақы барын мәлімдеген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG