Accessibility links

Назарбаев қызметінен әзір кетпейтінін ұқтырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен кездесуде сөйлеп отыр. Астана, 14 қыркүйек 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен кездесуде сөйлеп отыр. Астана, 14 қыркүйек 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен әзірге кетпейтінін білдірді. 14 қыркүйекте Астанада журналистер алдында сөйлеген Назарбаев "мықты денсаулық, күш-қуат, психологиялық және эмоционалдық қажыр-қайратты талап ететін" жұмысы өзіне ұнайтынын айтты.

"Бұл жұмысқа ол өзіме ұнағандықтан төзіп жүрмін... Мен ертеңгі күнді жоспарлап, сол бойынша өткізуге, кешке соған сүйінуге үйренгенмін. Сіздер де солай істеңіздер" деді Назарбаев журналистерге.

77 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев - бұрынғы советтік республикалар арасында мемлекетті СССР кезінен бері басқарып келе жатқан жалғыз президент. Былтыр Өзбекстанды Совет Одағы құлағаннан бері басқарған Ислам Каримов қайтыс болған соң Қазақстанда көп жұрт Назарбаев қызметінен кетіп, орнына мұрагерін қалдыруға дайындалады деп болжаған.

Назарбаев сонымен қатар 14 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп таяуда телефонмен сөйлескенінде өзін Ресейге қарсы салынған санкциялардың Қазақстанға "еш әсер етпейтініне" сендіргенін де айтты.

XS
SM
MD
LG