Accessibility links

ІІД Ақтауда "атыс болғанын" жоққа шығарды


Ақтауда орталық алаңды қарауылдап жүрген полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Ақтауда орталық алаңды қарауылдап жүрген полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).

"Ақтауда өткен түні атыс болды деген ақпарат - жалған" деп хабарлады Азаттыққа Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметінен.

Бұған дейін жергілікті "Лада" басылымы куәгерлердің сөзіне сілтеме жасап, Ақтауда 15 қыркүйекке қараған түні "төрт адам қатысқан атыс болғанын", "полицияның 6-8 ықшам аудандардың арасындағы жолдарды жапқанын" хабарлаған еді.

ІІД ақпаратына қарағанда, криминалдық полиция 15 қыркүйек күні түнгі сағат 1 шамасында Ақтаудағы 6-ықшам аудандағы дүкендердің бірінің қасынан 1971 жылы туған ер адамды ұстап, тінтіген. Тінту барысында одан граната табылған. Бұдан соң сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, гранатаның оқу гранатасы екені анықталған.

Полиция оқиға кезінде ешқандай атыс болмағанын, қару қолданылмағанын айтады.

Бұл факт бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлімі ("Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу") бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG