Accessibility links

Kazakh Tourism компаниясын Рашид Күзембаев басқарады


Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қазақстандағы туристер көп баратын орындардың бірі (Көрнекі сурет).
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қазақстандағы туристер көп баратын орындардың бірі (Көрнекі сурет).

Астанадағы жаңа ұлттық Kazakh Tourism компаниясының басшысы болып Рашид Күзембаев тағайындалды деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі. Компания Қазақстанның туристік әлеуетін шетелге танытып, сырттан инвестиция тарту мақсатында құрылған. Рашид Күзембаев бұған дейін Қазақстан президенті іс басқармасының медициналық орталығы басшысының орынбасары болған.

Компания биыл шілдеде құрылған.

48 жастағы Рашид Күзембаев 2001-2002 жылдары көлік және коммуникация министрлігі аппаратының басшысы, кейін Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палаталары одағының вице-президенті болған. 2016 жылдың шілдесінен бері медициналық орталық басшысының орынбасары қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG