Accessibility links

Назарбаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды


Қазақстан президентінің ұшағы. (Көрнекі сурет.)
Қазақстан президентінің ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Өзбекстан астанасына мемлекеттік сапармен барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаевтың Ташкент әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қарсы алған. Сапар аясында екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Бұл – Өзбекстанда президент ауысқалы Назарбаевтың алғашқы жауап сапары. Биыл наурыз айында Өзбекстан президенті Мирзияев Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келген.

XS
SM
MD
LG