Accessibility links

Астана маңында терроризмге қарсы жаттығу өтеді


Бүгін Астана қаласының терроризммен күрес жөніндегі жедел штабы Ақмола облысы аудандық жедел штабтарымен бірлесіп жоспарлы жедел-тактикалық жаттығулар өткізеді деп хабарлайды Қазақпарат. Жаттығулар Целиноград және Аршалы аудандары аумағында, Қосшы кенті мен Астана су қоймасында өтеді.

Жедел штабтар күш-құралдарының Астана төңірегіндегі елдімекендерде террорлық қауіп-қатерлерге қарсы шұғыл әрекет етуге дайындығын тексеру мақсатын көздейтін жаттығу аясында күштік операция жүргізудің әдіс-тәсілдері, сонымен бірге теракт салдарын барынша азайту және жою шаралары пысықталады деп хабарланды.

Ұйымдастырушылар түрлі күрделі элементтерден тұратын жаттығулардың неғұрлым шынайы жауынгерлік жағдайға жақын өткізілетінін ескертіп, тұрғындарды сабыр сақтауға шақырған.

2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбеде екі қару дүкені мен әскери бөлімге жасалған шабуылдардан соң Қазақстанның үлкен қалаларында терроризмге қарсы жаттығулар жиі өткізілетін болған.

XS
SM
MD
LG