Қыркүйектің 16-сы күні Алматы уақытымен сағат 16.11 кезінде Қытай аумағында жер сілкінгені туралы Қазақстан сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы хабарлады.
5.7 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 528 километр қашықтықта, Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында, жер қабатының 5 километр тереңдігінде болған деп хабарланды.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілмеген.