Accessibility links

Ресейлік бірнеше белсенді Еуропаның адам құқығы сотына жүгінді


Ресейлік белсенді Ильдар Дадин.
Ресейлік белсенді Ильдар Дадин.

Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты Ресейде 2014 және 2015 жылдары наразылық акцияларына қатысқаны үшін ұсталып, сотталған Ильдар Дадин мен өзге де ресейлік белсенділердің сегіз шағымын қабылдады деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Дадиннің мүддесін қорғайтын адвокат Николай Зборошенконың сөзінше, шағымда адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның бірқатар баптарының бұзылғаны айтылған. Мысалы, белсенділер ұсталған соң полицияда ешқандай қолайлы жағдай қарастырылмаған орында қамауға отыруға мәжбүр болғанына, азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығына мемлекеттің араласуына шағым айтқан.

Дадинға қоса еуропалық сотқа шағым түсіргендердің арасында Марк Гальперин, Владимир Ионов, Елена Захарова және Ирина Калмыкованың есімдері аталған.

Ильдар Дадин - Ресейде билік рұқсат етпеген акцияларға бірнеше рет қатысқаны үшін сотталған алғашқы адам. 2015 жылғы желтоқсанда сот оны үш жылға бас бостандығынан айырған. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеген Дадин қамауда түрме қызметкерлері оны азаптағаны туралы мәлімдеген.

Кейін Конституциялық соттың ұйғарымынан соң Ресей Жоғарғы соты белсендінің үкімінің күшін жойып, Ильдар Дадин биыл 26 ақпанда бостандыққа шыққан. Түрмеден шыққаннан кейін Дадин қамауда азапталғаны үшін Ресей федералдық жаза атқару қызметін жауапқа тартуды бірнеше рет талап еткен.

XS
SM
MD
LG