Accessibility links

Назарбаев Төле би кесенесі мен Каримов ескерткішіне гүл қойды


Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовке Ташкентте қойылған ескерткіш.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ташкенттегі 15-ғасырда салынған көне тарихи ескерткіштердің бірі, қазақтың әйгілі қайраткері Төле би кесенесіне барып, гүл қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Гүл қою рәсіміне Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев та қатысқан.

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізілген брифингте Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғаны туралы мәлімдеген.

Сонымен бірге Назарбаев Өзбекстан халқының жалпыұлттық символы саналатын "Тәуелсіздік және гуманизм" монументіне, Ташкентте өткен айдың соңында ашылған Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойған.

Сенбі күні Назарбаев пен Мирзияев "Өзбекстан-Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі" атты өнеркәсіп көрмесіндегі қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерімен танысқан. Көрмеге әскери-техника, авиация, фармацевтика, тоқыма өндірісі, құрылыс, сондай-ақ машина жасау, автомобиль құрастыру және ІТ салаларындағы қазақстандық елуден астам ірі компаниялардың экспортқа арналған өнімдері қойылған деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Бұл жолғы мемлекеттік сапары Назарбаев Мирзяевпен екіжақты келіссөздер өткізіп, аймақтағы негізгі аспектілерді және Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасын нығайту мәселелерін талқылайды деп хабарланған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG