Accessibility links

Владивостокта Навальныйды қолдаушылардың құжаттарын тартып алған


Жемқорлыққа қарсы акцияға қатысушылар. Владивосток, 26 наурыз 2017 жыл.
Жемқорлыққа қарсы акцияға қатысушылар. Владивосток, 26 наурыз 2017 жыл.

Ресейдің Владивосток қаласында Қиыр Шығыс федералдық университетінің күзетшілері оппозициялық лидер Алексей Навальныйды қолдайтын еріктілердің үгіт шаршысын орнатуға берілген құжаттарын тартып алған, бір белсендіні жерге құлатқан. Бұл туралы "Медиазона" интернет басылымы хабарлады.

Навальный штабының қызметкерінің сөзінше, күзетшілер университеттің қасында жағалауда орнатылған шаршыны алып тастауды талап еткен. Полиция келген соң еріктілерге құжаттарын қайтарып берген. Зардап шеккен белсенді Антон Малашин дәрігердің көмегіне жүгінген.

Бұған дейін жұма күні кешкісін полиция өкілдері Владивостоктағы Навальныйдың үгіт клубының жарнамаларын жұлып тастаған. Олар жергілікті тұрғыннан "химиялық заттың иісі" туралы шағым түсті деп түсіндірген.

2018 жылғы Ресей президенті сайлауына қатысуға ниеті барын мәлімдеген оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары елдің ондаған қаласында үгіт шараларын өткізіп жүр. Билік өкілдері ол шараларға қатысушы еріктілерді бірнеше рет ұстап, Навальныйдың штабтарына тінтулер жүргізген.

XS
SM
MD
LG