Accessibility links

Ұлыбританияда метродағы тарактіге күдікті ұсталған


Жарылыс болған "Парсонс-Грин" метро бекетінің жанында тұрған полиция. Лондон, 15 қыркүйек 2017 жыл.
Жарылыс болған "Парсонс-Грин" метро бекетінің жанында тұрған полиция. Лондон, 15 қыркүйек 2017 жыл.

Ұлыбританияда Лондон метросында 15 қыркүйекте болған терактіге күдікті ұсталған. Полиция 18 жастағы күдіктіні Лондоннан оңтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жердегі Кент қаласында ұстаған.

Лондон метросында "Парсонс-Грин" бекетінде жұма күні таңертең болған жарылыс салдарынан 30-ға жуық адам зардап шеккен. Қолдан жасалған бомба толық жарылмай қалған. "Ислам мемлекеті" террорлық тобы терактіге жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

Ұлыбритания билігі террор қаупінің "ең жоғары деңгейге" дейін көтерілгені туралы жариялап, темір жолдар мен қоғамдық көліктерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

XS
SM
MD
LG