Accessibility links

Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.

Бүгін Ташкентте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев шағын және кеңейтілген құрамда өткізген келісөздерден кейін бірлескен құжаттарға қол қойылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Су қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жол картасы, қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерін, автомобиль жолдарын қайта құру, жаңғырту және іргелес аумақтарды абаттандыру жөніндегі жол картасы бекітілген. Сонымен бірге контрабандамен және кеден заңнамасын бұзумен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге, екі елдің үкіметтері арасындағы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы келісімге, темір жол байланысындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Бұған қоса екі елдің өңіраралық ынтымақтастығын дамытуға бағытталған құжаттар рәсімделген.

Ташкенттегі кездесу кезінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "Ел-жұрт құрметі" орденімен марапаттады деп хабарлайды Қазақпарат.

Назарбаев бүгін Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған болатын.

XS
SM
MD
LG