Accessibility links

Пхеньян әскери қуатын АҚШ-пен теңестіргісі келетіні жайлы мәлімдеді


Көшедегі телеэкраннан көрсетілген Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның бейнесі. Токио, Жапония, 3 қыркүйек 2017 жыл.
Көшедегі телеэкраннан көрсетілген Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның бейнесі. Токио, Жапония, 3 қыркүйек 2017 жыл.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын осы елге қарсы енгізілген халықаралық санкцияларға қарамастан, мемлекет жақын уақытта дербес ядролық күштерін құруды аяқтайтыны туралы мәлімдеген. Бұл туралы Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап Reuters хабарлады.

Ким Чен Ынның сөзінше, Пхеньян әскери әлуетін АҚШ-пен теңестіруге тырысады.

15 қыркүйекте Солтүстік Корея кезекті рет баллистикалық зымыран ұшырған. Жапонияның үстімен ұшып өткен зымыран Тынық мұхитына құлаған. Зымыран 3700 шақырым қашықтықты 19 минутқа жуық уақыт ішінде ұшып өткен. Оңтүстік Корея ғалымдарының мәліметі бойынша, мұндай зымыран Гуам аралындағы АҚШ әскери базасына дейін жете алады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның кезекті зымыран сынағын "жүгенсіздікпен жасалған арандату" ретінде айыптаған. Кеңеске мүше он бес мемлекеттің бірлескен мәлімдемесінде Солтүстік Кореяның іс-қимылы айқмақ елдеріне ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіретіні айтылған. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Корей түбегінде ядролық қарудан бас тарту қажеттігін атап көрсеткен. БҰҰ жанындағы Ресейдің өкілі Василий Небензя Мәскеудің Солтүстік Кореяға қарсы енгізілген жаңа санкцияларға қосылуға ниетті екені туралы мәлімдеді. Сонымен бірге ол Солтүстік Корея мен басқа да мүдделі тараптарды бір-біріне қоқан-лоққы жасауды доғаруға шақырған.

XS
SM
MD
LG