Accessibility links

"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау мерзімі ұзартылды


ҚазҰУ алдына жиналған талапкерлер мен олардың ата-аналары. Алматы, 12 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)
ҚазҰУ алдына жиналған талапкерлер мен олардың ата-аналары. Алматы, 12 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қазақстанда "Болашақ" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау мерзімі қазанның 16-сына дейін ұзартылды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығының" ресми сайтында жарияланды.

Орталықтың мәліметі бойынша, 2017 жылы "Болашақ" стипендиясына құжаттар қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілген. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес, барлығы 251 стипендияның 223-і магистратура, 16 - докторантура және 12-сі тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалған.

"Үміткерлер құжаттарды электрондық үкімет порталы, "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе "Халықаралық бағдарламалар орталығына" қолма-қол тапсыра алады", - делінген хабарламада.

Қазақстанда 2017 жылғы "Болашақ" бағдарламасы бойынша стипендия тағайындау конкурсы маусымның 5-інен желтоқсанның 20-сына дейңн жалғасады.

XS
SM
MD
LG