Accessibility links

Одессада наразыларға мэрия алдына шатыр тіккізбеді


Одесса мэриясын күзетіп тұрған қызметкерлер. Украина, 16 қыркүйек 2017 жыл.
Одесса мэриясын күзетіп тұрған қызметкерлер. Украина, 16 қыркүйек 2017 жыл.

Украинаның Одесса қаласының әкімшілігін алдында жағдай күрделі күйінде қалып отыр деп хабарлайды Азаттықтың Украин қызметі. Тұрғындар наразылығына сенбіге қараған түні жергілікті билікке қарасты "Виктория" спорттық-сауықтыру кешеніндегі қос қабатты ағаш үйде шыққан өрт салдарынан үш оқушы қыздың мерт болуы себеп болған. Зардап шеккен бірнеше адам ауруханаға түскен. Биліктің салғырттығына наразылық білдірген тұрғындар кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен.

Сенбі күні мэрияға келген наразылардың бір тобы ғимаратқа басып кіруге әрекет жасаған еді. Наразылардың арасында "Виктория" лагерінде болған балалардың ата-аналары да бар. Олар осы жерге қала мэрі Геннадий Труханов келгенше кетпейтіндерін мәлімдеген. Полиция тұрғындардың жолын бөгеп, ішке өткізбей қойған соң, наразылар мен муниципалдық күзет қызметкерлері бір-бірін жағадан алып, жұлқыласып қалған. Мэрия ғимаратының есігі сынып, қарама-қарсы екі топ бір-біріне жас ағызатын газ шашқан. Сонымен бірге пиротехникалық арнайы құралдар қолданылған.

16 қыркүйекте Одесса мэриясы алдында болған оқиғадан видео:

Одесса мэриясы алдындағы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

Бүгін мэр Труханов облыстық әкімшілікте ата-аналар комитеті мен қоғам белсенділерімен кездеседі деп хабарланған.

Құқық органдары "Виктория" лагеріндегі өрт оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғап, лагерь басшысын ұстаған. Сот оған бұлтартпау шарасын тағайындауы тиіс.

XS
SM
MD
LG