Accessibility links

Головкин мен Альварес тең түсті


Геннадий Головкин мен Сауль Альварес (көк формада) арасындағы жекпе-жек. Лас-Вегас. 16 қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында кәсіпқой бокстан қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің кездесуі тең аяқталды. 12 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысында бір төреші жеңісті Альвареске берсе, екінші төреші жеңіске Головкин жетті деген, ал үшінші төреші қос боксшы тең түсті деп есептеген - 114:114.

Жекпе-жектен кейін екі боксшы да рингте қайта кездесуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Головкин "бастысы әлем чемпионы атағын сақтап қалдым. Мен әлі чемпионмын" деді. Альварес осы кездесуде «жеңетіндігіне сенімді болғанын, нәтижеге көңілі толмайтынын" айтты.

35 жастағы Головкин кәсіпқой бокста 38-кездесуін өткізіп, алғаш рет жекпе-жекті тең аяқтады. Ол бұған дейін 37 кездесуде жеңіске жеткен. Ол WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Ал 27 жастағы Альварес 52-кездесуін өткізіп, екінші рет тең түсіп отыр. Мұның алдында ол Флойд Мейвезерден бір рет жеңіліп, 49 кездесуде жеңіске жеткен.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG