Accessibility links

Теннисші Зарина Дияс Жапониядағы жарыста жеңіске жетті


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (әлемнің 100-ракеткасы) Токиода аяқталған Japan Open жарысында жеңіске жетті. Ол финалда жапониялық Мия Катоны (171) жеңді - 6:2, 7:5.

Финалға дейін Дияс жапониялық Мисаки Доиды (95), қытайлық Шуай Жангты (28), қазақстандық Юлия Путинцеваны (52), жартылай финалда америкалық Кристина Макхэйлді (62) ұтты.

Japan Open жарысы - WTA (Әйелдер теннисі қауымдастығы) cанатына кіретін әлемдегі ірі жарыстардың бірі. Дияс - WTA жарыстарында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші.

Зарина Дияс 2014 жылы Japan Open жарысының финалына шығып, австралиялық Саманта Стосурдан жеңілген.

XS
SM
MD
LG