Accessibility links

Астанада салынып жатқан үй құлап, бір адам қаза тапқан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанының бір бөлігі құлаған. Алдын ала ресми мәлімет бойынша, оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам ауруханаға жеткізілген, тағы бір адам қирандының астында қалып қойған. Болжам бойынша, аталған үшеуі де құрылысшылар.

Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың Tengrinews агенттігіне хабарлауынша, оқиға бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 11:56 кезінде болған. Алаш жолы 25 мекен-жайы бойынша жаңадан салынып нысанның жабындысы мен қабырғасы опырылып түскен.

Апат болған жерде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG