Accessibility links

Астанадағы құрылыста мерт болған екінші адамның денесін тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында қирандылар астынан қаза тапқан екінші адамның денесі табылған. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған Tengrinews агенттігі хабарлауынша, бүгін түс мезгілінде құрылыста болған төтенше оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, зардап шеккен бір адам ауруханаға түскен. Алдын ала болжам бойынша, аталған үшеуі де құрылысшылар.

Төтенше оқиға бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 11:56 кезінде болған. Құрылыс нысанында төбенің бетон жабындысы мен қабырғасы опырылып түскен. Төбе жабындысы мен қабырғаның не себептен құлағаны әзірше белгісіз.

XS
SM
MD
LG