Accessibility links

Лондон метросындағы терактіге күдікті екінші адам ұсталған


"Парсонс-Грин" метро бекеті қасында жүрген полиция қызметкерлері мен құтқарушылар. Лондон, 15 қыркүйек 2017 жыл.
"Парсонс-Грин" метро бекеті қасында жүрген полиция қызметкерлері мен құтқарушылар. Лондон, 15 қыркүйек 2017 жыл.

Лондонның батыс бөлігіндегі шеткері ауданнан жұма күні метрода болған жарылысты ұйымдастырған деген күдікпен екінші адам ұсталған. Бұл туралы Скотланд-Ярдқа сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады. 21 жастағы күдікті ер адам Хаунсдлоу ауданында жексенбіге қараған түні ұсталған деп хабарлан Лондон полициясындағы дереккөзі. Ұлыбританияның терроризм туралы заңына сәйкес ұсталған күдіктіні Лондонның оңтүстігіндегі полиция бөліміне жеткізген.

Лондон метросындағы "Парсонс-Грин" бекетінде жұма күні таңертең болған жарылыс салдарынан 30-ға жуық адам зардап шеккен. Қолдан жасалған бомба толық жарылмай қалған. "Ислам мемлекеті" террорлық тобы терактіге жауапкершілікті алатынын мәлімдеген. Ұлыбритания билігі террор қаупінің "ең жоғары деңгейге" дейін көтерілгені туралы жариялап, темір жолдар мен қоғамдық көліктерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

XS
SM
MD
LG