Accessibility links

Астанада өрт шыққан кафеден ондаған адамды эвакуациялаған


"Драфт" кафесі орналасқан ғимараттағы өрт. Астана, 18 қыркүйек 2017 жыл. ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі ұсынған сурет.
"Драфт" кафесі орналасқан ғимараттағы өрт. Астана, 18 қыркүйек 2017 жыл. ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі ұсынған сурет.

Астананың ескі бөлігінде орналасқан кафеде шыққан өрт салдарынан 40 адам эвакуацияланған, зардап шеккендер жоқ деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Комитет өкілінің берген ақпараты бойынша, Бейбітшілік көшесіндегі төрт қабатты іскерлік орталық ғимаратының астыңғы бөлігінде орналасқан "Драфт" кафесінде қыркүйектің 17-і күні сағат 23:00 шамасында шыққан өрттен түтін соратын құрылғы мен ғимараттың сыртқы қаптамасы жана бастаған, кейін от шатырға өткен.

Төтенше комитеттің хабарламасында, "жоғары температура, қою түтін мен ағаштан жасалған шатырдың тез жануы" өрт сөндіру барысында қиындық туғызғаны айтылған.

Сағат түнгі 2:43 кезінде сөндірілген өрттің аумағы 1100 шаршы метрді құраған.

XS
SM
MD
LG