Accessibility links

Иран АҚШ-қа "бұрыс қадам" жасамауды ескертті


Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи. Тегеран, 12 қыркүйек 2017 жыл.
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи. Тегеран, 12 қыркүйек 2017 жыл.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Иран 2015 жылы қол қойылған ядролық келісімге қатысты АҚШ тарапынан жасалған кез-келген "бұрыс қозғалысқа" табанды түрде жауап береді деп мәлімдеген.

"Иран халқы аяғынан нық тұр, ядролық келісімге қатысты өктемшіл режимнің кез-келген бұрыс қозғалысы Ислам республикасы тарапынан жауапқа кез болады", - деген аятолла Хаменеидің сөзін Иран мемлекеттік ақпарат құралдары жариялаған.

Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты әлемдік державалармен 2015 жылы жасасқан келісімге сәйкес, Тегеран даулы ядролық бағдарламасын шектеп, оның қарымына халықаралық қауымдастық бұған дейін Иранға қарсы салынған санкцияларды босаңсытуға келіскен болатын. АҚШ мемлекеттік департаменті қыркүйектің 14-і күні Вашингтон Иранға қарсы салынған санкцияларды Тегеранмен арада жасалған келісімге сәйкес босаңсытуды жалғастыратыны, бірақ ол келісімнің өзінің сақталатыны жөнінде әлі қандай да бір шешім қабылданбағаны туралы мәлімдеген.

"Бүгінде, келіссөздер аясында талқыланғаннан кейін алынған барлық міндеттемелерге қарамастан, Американың осы келіссөздер мен олардың нәтижесіне деген қарым-қатынасы толық әділетсіз және қорқытып-үркітуге барабар", - деп мәлімдеген Хаменеи әскери оқу орындарының түлектеріне арнаған сөзінде.

XS
SM
MD
LG