Accessibility links

Мәскеуде "бомба қойылған" оннан аса сауда орталығын тексерген


"Бомба қойылғаны" туралы хабардан соң "Галерея" сауда орталығынан адамдарды шығарып жатқан сәт. Санкт-Петербург, 14 қыркүйек 2017 жыл.
"Бомба қойылғаны" туралы хабардан соң "Галерея" сауда орталығынан адамдарды шығарып жатқан сәт. Санкт-Петербург, 14 қыркүйек 2017 жыл.

Өткен жексенбі күні Ресей астанасында бомба қойылғаны хабарлардан кейін полиция оннан астам сауда орталықтарын тексеріп, тоғыз мыңға жуық адамды эвакуациялаған. Ресейдің "Интерфакс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мәскеудегі "Охотный ряд", "Хорошо", "МЕГА" және "Тёплый стан" сауда орталықтарын суыт тексерген.

Құқық органдарына қыркүйектің 10-ынан бері вокзалдарда, сауда орындары мен оқу орындарында жарылыс қаупі бары туралы анонимді хабарлар түсіп жатыр. Осы кезге дейін Ресейдің ондаған аймағында жүз мыңнан аса адамды эвакуациялаған. Бомба қойылғаны туралы жеткен хабарлардың ешбірі расталмаған.

Бейресми болжамдардың бірінде бомба туралы анонимді хабарлар таратуға ресейлік режиссер Алексей Учительдің дауға қалған "Матильда" көркем фильмін көрсетуге қарсы православ белсенділерінің қатысы болуы мүмкін деген жорамал айтылады. Бұған дейін кей ақпарат агенттіктері өз дереккөздеріне сілтеме жасап, бомба қойылғаны туралы анонимді хабарлардың көпшілігі Украина аумағынан түскен-мыс деп хабарлаған.

Кремльде бұл оқиғаларды "телефон терроризмі" деп атаған.

XS
SM
MD
LG