Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының бағамы 340 теңгеден асты. 49 миллион доллар сатылған сауда барысында теңгенің орташа бағамы 340, 01 теңгені құрап, жарты жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жақындаған. Биржада өткен алты айда доллардың ең төменгі бағамы 310,57 теңге болған.
2017 жылғы тамызда биржадағы Ұлттық банктің нетто-интервенциясының көлемі 70 миллион долларға жуық соманы құраған.
Тамыздың соңында баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "валюта бағамының құбылуын "БАҚ пен әлеуметтік желілерде теңге кәдімгідей девальвацияға ұшырауы мүмкін деген кері әсері бар материалдар мен кейбір сыбыстармен" байланыстарған болатын. Ол "валюта бағамының құбылуын ақтап алатындай түбегейлі өзгерістер болмағанын" айтқан.
Қазақстан 2015 жылғы тамызда жаңа ақша-несие саясатына көшетіні және теңге бағамын еркіне жіберетіні туралы жариялаған. 2016 жылдың басында мұнай бағасы құлдыраған кезде қор биржасында доллар бағамы 383,91 теңгеге дейін өскен.