Accessibility links

Ресей соты Навальный штабының еріктісін бас бостандығынан айырды


Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың Новочебоксарскідегі сайлауалды штабының еріктісі Алексей Миронов.
Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың Новочебоксарскідегі сайлауалды штабының еріктісі Алексей Миронов.

Ресейдің Новочебоксарск қаласының соты ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың сайлауалды штабының еріктісі Алексей Мироновты екі жыл үй ай мерзімге бас еркіндігінен айырып, жазасын қоныстандыру колониясында өтеуге үкім шығарған.

"Медиазона" интернет-басылымының хабарлауынша, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жариялаған постылары үшін "экстремизм" және "өшпенділікті қоздыру" баптары бойынша айыптар тағылған белсендіні сот кінәлі деп таныған. Биліктің тұжырымы бойынша, Миронов әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларының бірінде "билікті күшпен өзгертуге ресми түрде шақыратынын мәлімдеген".

"Медиазона" басылымы өткен жылы тамызда Мироновтың Ресей президенті Владимир Путинді Адольф Гитлермен салыстырған суретті қайтара жариялағаны үшін "нацистік символиканы пайдаланды" деп айыпталып, сотталғаны туралы жазады. Ол жолы сот Мироновқа бір жарым мың рубль айыппұл салған.

XS
SM
MD
LG