Accessibility links

Әзербайжанда тәуелсіз журналист түрмеге қамалды


Әзербайжандық журналист Эльчин Исмаиллы.
Әзербайжандық журналист Эльчин Исмаиллы.

Бүгін Әзербайжандағы Шеки қаласының соты билікті сынайтын тәуелсіз журналист ретінде танымал Елчин Исмаиллыны тоғыз жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарды. Сот оны «бопсалау» және «қызмет бабын теріс пайдалану» баптары бойынша айыпты деп таныған. Журналистің адвокаты сот үкімінің саяси астары бар дейді.

Биыл ақпанда Әзербайжан мәдениет және туризм министрлігінің қызметкері өзінен Исмаиллы «ақша бопсаламақшы болды» деп мәлімдегеннен кейін журналист тұтқындалған. Исмаиллы өзіне тағылған айыпты жоққа шығарған. Оның адвокаты Елчин Садыков журналистке қатысты қозғалған істің саяси астары бар деп санайды және ешқандай лауазымды жұмыс істемейтін адамға «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» деген бап бойынша айып тағудың қате екенін айтады.

Батыс елдерінің үкіметтері мен халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің үкіметі тәуелсіз БАҚ, журналистер, оппозициялық саясаткерлер мен белсенділерді қуғын-сүргінге салу арқылы билікті сақтап қалуға тырысады деп айыптайды. Әзербайжанды ұзақ жылдар билеген әкесі дүние салғаннан кейін, 2003 жылы билік басына келген Илхам Әлиев 10 миллионға жуық тұрғыны бар мұнайға бай елді содан бері билік басында отыр.

XS
SM
MD
LG