Accessibility links

Тәжікстанда "судьяға балтамен шабуылдау" ісі бойынша айып тағылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тәжікстандағы Хатлон облысының прокуратурасы аудандық сот төрағасына балтамен жасалған шабуылға күдіктіге қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тақты. Олардың арасында "адам өлтіруге әрекет жасау" айыбы да бар деп хабарлайды Азаттықтың Азаттықтың Тәжік қызметі (Радио Озоди). Егер сотта айыпталушы Тәжікстан азаматы Диловар Олимовтың кінәсі дәлелденсе, сот оны сегіз жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруы ықтимал.

Судьяға шабуыл оқиғасы тамыздың 31-і күні кешкісін Пяндж аудандық соты ғимаратында болған. Тергеу болжамы бойынша, аудандық соттың төрағасы Давлатманд Рахимзоданың кабинетіне кіріп барған Олимов оған балтамен шабуылдаған. Жараланған судья ауруханаға жеткізілген.

Олимов бір күннен кейін ұсталған. Хатлон облыстық прокуратурасының мәлімдеуінше, күдікті айыбын мойындап, куәлік берген, бірақ судьяны өлтіру ниеті болмағанын айтқан.

Оқиға болған тамыздың 31-і күні Пяндж аудандық сотында Олимовтың төрт жыл ажырасып кеткен бұрынғы әйелінің талап-арызы бойынша іс қаралған. Бірінші әйелімен ресми некеде тұрмаған Олимов ол әйелден туған екі баланы өзінікі деп танудан бас тартқан. Бірақ сот оны балалардың әкесі деп танып, Олимовты әр балаға 130 сомони алимент төлеуге міндеттейтін шешім шығарған. Судьяның шешімімен келіспейтінін айтып, онымен дауласып қалған Олимов сот залынан шығып кетіп, біршама уақыттан соң балта ұстап қайтып келген.

Оқиға болған күні Пяндж аудандық ауруханасының бас дәрігері Нурмамад Умронов судьяның ауыр жараланғаны туралы айтқан еді.

XS
SM
MD
LG