Accessibility links

Билік салафиттермен түсінік жұмыстары жүріп жатқанын айтады


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз. Астана, 18 қыркүйек 2017 жыл.

Қазақстанда жыл ішінде деструктивті ағымдар ықпалында болып келген 300-ге жуық адам "нанымынан бас тартқан". Бұл туралы бүгін парламенттегі үкімет сағаты кезінде Азаттық тілшісіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз айтты. Оның сөзінше, бұл жақсы көрсеткіш, бірақ қазіргі кезде "өздерін тәкпіршілер, радикалдар санайтын, олар да осы салафизм ағымынан тарайтын" мыңнан астам адам бар.

Мәжілісте өткен үкімет сағатында Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев діни экстремизмнің алдын алу жүйесінде мемлекеттік органдар, бейүкіметтік ұйымдар мен діни бірлестіктер ынтымақтастығына негізделген жаңаша тәсілдеме енгізілгені туралы мәлімдеді. Оның сөзінше, парламенттің төменгі палатасының Ақтөбедегі көшпелі отырысында "үкімет жалған салафиттік құбылысты қабылдамайтыны туралы ұстанымын алғаш рет жария еткен".

– Өзге елдерде қалыпты саналуы мүмкін бұл ағымның деструктивті сипаты туралы қоғамымыз айқын да анық бағдар алды. Қоғамда ондай шаралар жайлы белсенді талқылаулар болса да, біз саналы түрде тыйым салу жолын емес, белгілі бір себептермен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуді таңдадық, ол нәтижесін береді, - дейді Нұрлан Ермекбаев.

Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев журналистерге сұхбат беріп тұр. Астана, 18 қыркүйек 2017 жыл.
Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев журналистерге сұхбат беріп тұр. Астана, 18 қыркүйек 2017 жыл.

Наиб-мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан заңы бойынша азаматтарға қай дінді таңдау еркіндігі берілгенін айтады.

– Бұл мәселеде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ары қарай жалғастырамыз деп үміттенеміз. Біз неліктен барлық жерде "Бұлар салафилер ме?" дейміз, салафилер еш жерде ұйым ретінде тіркелмеген, бірлестік ретінде қызмет істемейді. Ешкім ресми түрде: "Мен салафимін" деп айтпайды. Өздерін солай санайтын жекелеген адамдар барын білеміз, бірақ олар ұйым ретінде әрекет етпейді. Біздің мақсатымыз – дәстүрлі арнаға, біз ғасырлар бойы өзге түрлі діни конфессиялармен үйлесімді өмір сүріп, ұстанып келген дәстүрлі ислам дінімізге бұру, дінімізге қатысты ешқашан ешбір проблема болып көрмеген, алда да болмайды деген ойдамын, - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.

Өткен жылы Қазақстан билігі "салафизм ағымы – Қазақстан үшін жат идеология", ал "азаматтарымыз салафизмді қабылдай алмайды" деп мәлімдеген. Қазақстанда соңғы айларда "сүнниттік исламның салафиттік ағымын ұстанатын" үш адамның "діни араздықты қоздыру" және "терроризмді насихаттау" айыптары тағылып, сот үкімі бойынша әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылғаны туралы Азаттық хабарлаған. Сотталғандардың ешбірі тағылған айыптарды мойындаған жоқ, ал адвокаттары сотты болған азаматтардың құқықтары бұзылды деп мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

AzattyqTV

AzatNews 21.02.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:49 0:00
XS
SM
MD
LG