Accessibility links

Қазақстан Ашхабадтағы Азия ойындарында алғашқы алтынын алды


Ольга Рыпакова жабық алаңдағы Азия ойындарында. Ашхабад. 18 қыркүйек 2017 жыл (Фото авторы - Данияр Майлыбаев).
Ольга Рыпакова жабық алаңдағы Азия ойындарында. Ашхабад. 18 қыркүйек 2017 жыл (Фото авторы - Данияр Майлыбаев).

Ашхабадта (Түркменстан) өтіп жатқан жабық алаңдағы Азия ойындарында Қазақстан жеңіл атлеттері үш алтын алды.

Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова ұзындыққа секіруде, Иван Иванов балға лақтыру секторында, Игорь Григорьев сырықпен секіруде чемпион атанды.

Таэквондодан 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қайрат Сарымсақов Ашхабадта да екінші орын алды. Велотректен Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста екінші нәтиже көрсетті.

Үш күннің қорытындысы бойынша Қазақстан үш алтын, үш күміс, алты қоламен жалпы есепте 4-орында келеді. Жарыс ұйымдастырушы Түркменстан 23 алтын, 21 күміс, 12 қоламен бірінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG