Accessibility links

Литва Мәскеуге наразылық нотасын тапсырды


Ресейлік әскери жүк тасымалдаушы Ил-76 ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Ресей мен Беларусь бірлесіп өткізіп жатқан "Батыс-2017" әскери жаттығуы барысында ресейлік әскери жүк тасымалдаушы екі ұшақтың 16 қыркүйекте Литваның әуе кеңістігіне кіріп кетуіне байланысты Литва сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні Мәскеуге наразылық нотасын тапсырды.

Вильнюс Мәскеуден болған оқиғаға байланысты түсінік беруін және болашақта мұндай жайт қайталанбасы үшін тиісті шаралар қабылдауын талап еткен.

Ресей президенті Владимир Путин "Батыс-2017" әскери жаттығуының барысымен танысу үшін дүйсенбі күні Ленинград облысындағы Лужский әскери полигонына барған. Қыркүйектің 14-і күні Беларусь пен Ресей территорияларында басталған көлемді әскери жаттығуларға 13 мыңға жуық адам, жүздеген танк, реактивті қару жүйелері мен минометтер, ондаған кеме және тікұшақтар қатысып жатыр. Жаттығу сценарийі бойынша, Ресей мен Беларусь әскері ойдан шығарылған батыс елдерінің армиясына қарсы тойтарыс береді.

НАТО ұйымы "Батыс-2017" жаттығуы Ресейдің "үлкен соғысқа" дайындалып жатқанын білдіреді деп санайды.

AzattyqTV

AzatNews 21.02.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:49 0:00
XS
SM
MD
LG