Accessibility links

Қырғызстан ГЭС салмақ болған чех фирмасымен келісімді бұзбақшы


Чехиялық Liglass Trading компаниясының меншік иесі Михаэль Смелик (оң жақта) пен фирма өкілі Йиржи Войтеховски Бішкектегі баспасөз мәслихатында.
Чехиялық Liglass Trading компаниясының меншік иесі Михаэль Смелик (оң жақта) пен фирма өкілі Йиржи Войтеховски Бішкектегі баспасөз мәслихатында.

Қырғызстан үкіметі Жоғарғы Нарын ГЭС каскады мен тағы он шағын су электр станциясын салу туралы тендерді ұтып алған чехиялық Liglass Trading жекеменшік компаниясымен жасаған келісімді біржақты тоқтатпақ ниетте. Бұл туралы Қырғызстан премьері Сапар Исаков мәлімдеді деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Вице-премьер Дүйшөнбек Зилалиевтің айтуынша, чех компаниясының жетекшілігі келісімде көрсетілген мерзім – 19 қыркүйекке дейін 37 миллион долларды толығымен құюға мүмкіндігі жоқ форс-мажорлық жағдайға тап болғаны айтып, қаржыны аудару уақыт кейінге қалдыруды сұраған. Бұған дейін жасалған келісімге сәйкес, Liglass Trading CZ компаниясы аталған соманы Жоғарғы Нарын ГЭС каскады үшін өтемақы ретінде ресейлік "РусГидро" компаниясына аударуы тиіс болатын.

Liglass Trading компаниясының меншік иесі Михаэль Смелик пен фирма өкілі Йиржи Войтеховски дүйсенбі күні Бішкекте өткізген баспасөз мәслихатында Қырғызстандағы жұмыстарына саяси күштер бөгет жасағаны туралы мәлімдеме жасаған. "Бізге қарсы ақпараттық соғыс жүргізіп, қаралғандықтан қаржы проблемасына тап болдық" деп түсіндірген олар.

Шілде айында Бішкекте Қырғызстанның Жоғарғы Нарын ГЭС каскады мен тағы он шағын су электр станциясын салу туралы келісімге сол кездегі Қырғызстан өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану мемлекеттік комитеті төрағасы Дүйшенбек Зилалиев пен Чехияның Liglass Trading CZ жекеменшік компаниясы директоры Михаель Смелик қол қойған еді. Бұдан кейін чехиялық және қырғызстандық басылымдарда жарияланған мақаладарда Чехияда да, сырт елдерде де онша танымал емес компанияның өте ауқымды жобаны іске асыратындығына күмән келтіргендер болған.

Оқыңыз: Қырғызстанда ГЭС салатын чех компаниясы күмәнге ілікті
XS
SM
MD
LG