Accessibility links

ОҚО-да үш шенеунік "пара алған" деген күдікпен ұсталған


Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бірнеше қызметкері "пара бопсалаған" деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта облыстық басқарма жетекшісінің орынбасары мен аудандық бөлімшелердің екі басшысы "жұмыссыздарды кәсіпке даярлау және қайта дайындау бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын жасасу үшін заңды тұлғалардан пара алған" деген күдікпен ұсталғаны айтылған. "Күдіктілер бопсалау жолымен жүйелі түрде пара алып отырған" делінген хабарламада.

Тергеушілердің болжамы бойынша, күдіктілер қылмыстық схема бойынша 2016 жылдан бері пара алып келген.

"Олар 15 қыркүйекте 6,4 миллион теңге параның кезекті бөлігін алып жатқанда қолға түсіп, Шымкент қаласының ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.

Дүйсенбі күні сот "пара алу" күдігіне іліккен үш азаматты тұтқындау туралы шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG