Accessibility links

Трамп Иранмен ядролық келісімге бақылауды күшейтуге шақырды


АҚШ энергетика министрі Рик Перри МАГАТЭ жиынында сөйлеп тұр. Вена, 18 қыркүйек 2017 жыл.
АҚШ энергетика министрі Рик Перри МАГАТЭ жиынында сөйлеп тұр. Вена, 18 қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп егер Вашингтон Иран мен әлемдік державалар 2015 жылы бекіткен келісімнің орындалуын бақылайтын БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігі оған жеткілікті дәрежеде көз жеткізе алмаған деп тапса, онда АҚШ аталған келісімнен шығуы мүмкін деп мәлімдеді.

"Біз жеткілікті дәрежеде орындалмайтын немесе толыққанды бақылауы жоқ келісімді қабылдай алмаймыз", - деген Трамп. АҚШ президентінің Венада халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) жыл сайынғы кездесуіне қатысушыларға жолдауын дүйсенбі күні АҚШ энергетика министрі Рик Перри оқып берген.

АҚШ президенті мәлімдемесінде МАГАТЭ-ні Иранның ядролық келісім бойынша алған міндеттемелерін қалай орындап отырғанын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі барлық өкілеттігін жүзеге асыруға шақырған.

Бұған дейін АҚШ пен БҰҰ бақылаушылары Иранның әлемдік державалармен 2015 жылы жасасқан келісім бойынша алған міндеттемелерін орындап отырғаны айтылған. Алайда Трамп әкімшілігі Тегеранды аталған келісімнің "рухын" бұзды, мысалы, баллистикалық және ядролық оқтұмсық алып ұша алатын зымырандар сынағын өткізуді жалғастырды деп бірнеше рет айыптаған. Сонымен бірге Ақ үй Ирандағы нысандарға инспекциялық тексеруді күшейтуге шақырған.

2015 жылы АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Германиямен жасасқан келісім бойынша Тегеран ядролық отын өндіру жөніндегі жұмысын шектеуге міндеттеме алған, оның қарымтасы ретінде Иранға салынған халықаралық экономикалық санкциялар жеңілдетілетін болған.

XS
SM
MD
LG