Accessibility links

Әзербайжанда Түркиямен бірлескен әскери жаттығу өтіп жатыр


Әзербайжандағы әскери жаттығу. (Көрнекі сурет.)
Әзербайжандағы әскери жаттығу. (Көрнекі сурет.)

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 18 қыркүйекте Түркиямен бірлескен TurAz Qartalı-2017 әскери әуе күштері жаттығуы басталғаны туралы хабарлады. Екі аптаға жалғасатын жаттығуға 30 ұшақ қатысып жатыр. Жаттығу негізінен бірлескен іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу, жердегі нысаналарға әуеден соққы беру және басқа машықтарды жетілдіру мақсатын көздейді.

Әзербайжан қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, екі елдің әскери ынтымақтастығы аясында жыл сайын өткізілетін шараның бір бөлігі саналатын TurAz Qartalı-2017 жаттығуы қыркүйектің 30-ында аяқталады.

Әзербайжанда 18 қыркүйекте бұдан басқа да әскер жаттығу басталған. Оған 15 мың сарбаз, 150 беренді техника, 120 зеңбірек, зымыран және минометтер, 20 әскери ұшақ қатысып жатқаны туралы хабарланды.

XS
SM
MD
LG