Accessibility links

Алматы облысында түйені соққан жеңіл автокөлікте болған бес адам қазаға ұшыраған деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы қыркүйектің 19-ына қараған түні Панфилов ауданындағы Айдарлы ауылының маңында, Батыс Еуропа - Батыс Қытай автокөлік жолы бойында болған.

Алматылық 43-жастағы әйел жүргізіп келе жатқан Range Rover маркалы жеңіл көлік түймен соқтығысқаннан кейін аударылып қалған. Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза болып, жарақат алған тағы бір адам кейін ауруханада қайтыс болған. Көлік соққан түйе де өлген. Полицияның ақпаратында Батыс Еуропа - Батыс Қытай жолының қайғылы оқиға болған тұсы әлі толық салынып бітпегендіктен ол жерде автокөлік қозғалысына тыйым салынғаны айтылған.

Жол-көлік апатына байланысты «көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша тергеу амалдары басталған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG