Accessibility links

Қазақстанда еңбек мигранттарын қабылдау тәртібі өзгермек


Қазақстанның еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Қазақстанның еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Қазақстанда ішкі көші-қон қарқыны үдеп, елде шетелдіктер саны ұлғайып бара жатқан шақта билік шетелдік мамандарға жұмысқа орналасуға рұқсат беру тәртібін өзгертпек ниетте. Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгін Астанадағы үкімет отырысында таныстырған 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасына сәйкес, шетелдік мамандардың еңбекке орналасуына берілетін рұқсат мерзімін жұмысшының біліктілігіне байланысты шектеу ұсынылады.

Мысалы, біліктілігі төмен жұмысшыларға бір жылға дейінгі мерзімге рұқсат беру тәртібі енгізілмек. Тұжырымдама бойынша, білікті шетелдік жұмыскерлерге үш жылға дейін және одан көп мерзімге еңбекке орналасуға рұқсат беру қарастырылған.

Министрліктің мәліметі бойынша, соңғы бес жылда елге жұмыс бабымен 300 мыңға жуық шетелдік азамат келген. Сонымен бірге министрлік елде көші-қон қарқыны үдеп, аймақтарда тұрғындар саны мен еңбек өнімділігі жағынан айырмашылық сақталып отырғанын айтады. "Халық тығыз тұратын оңтүстік аймақтарда еңбек өнімділігінің көрсеткіші төмен, тұрғындар саны одан аз солтүстік аймақтарда еңбек өнімділігі жоғары. Жақын бес жылда жаңа жұмысшылардың келу саябырсиды. Бұл 1990 жылдардың басындағы демографиялық ахуалдың және осымен байланысты еңбек нарығындағы ұсыныстың қысқаруының салдары", - деген Дүйсенова.

XS
SM
MD
LG