Accessibility links

БҰҰ реформасын қолдауға 142 ел келісті


БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш (сол жақта) пен АҚШ президенті Дональд Трамп ұйымға реформа жүргізуге арналған жиынға қатысып отыр. Нью-Йорк, 18 қыркүйек 2017 жыл.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш (сол жақта) пен АҚШ президенті Дональд Трамп ұйымға реформа жүргізуге арналған жиынға қатысып отыр. Нью-Йорк, 18 қыркүйек 2017 жыл.

Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) реформалауға қолдау білдіруге келіскен әлемнің 142 елінің арасында АҚШ, Германия, Ұлыбритания мен Жапония да бар. Бұл туралы ресми құжат БҰҰ жанындағы АҚШ дипломатиялық миссиясының сайтында жарияланды.

Декларацияға қол қойған мемлекеттер БҰҰ бас хатшысы Антонио Гуттеришті реформа процесіне жетекшілік етуге шақырған. Он тармақтан тұратын құжатта ұйымға мүше елдер арасында әріптестікті нығайту қажеттігі, олардың арасындағы үйлестіруді жақсартудың түрлі шаралары туралы айтылған. Сонымен бірге декларация БҰҰ-дағы кадр саясатын оңтайландыру мәселесін де қозғаған.

Ресей БҰҰ реформасы жөніндегі процеске қатысудан бас тартқан. Бұл туралы дүйсенбіде журналистерге Ресей мемлекеттік думасының халықаралық істер бойынша комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий мәлімдеген.

Сейсенбіде Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы талқылауына 130-ден астам мемлекеттің басшылары қатыспақшы. АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет БҰҰ мінберінен сөйлейді. Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон БҰҰ-дағы сөзінде Трамп Солтүстік Корея мәселесі және Иранмен жасалған ядролық келісім жайлы айтады деп хабарлаған.

БҰҰ Бас Ассамблеясы ашылар қарсаңда Трамп бюрократия мен тиімсіз жетекшілік, өте үлкен қаржы шығыны, тым көп қызметкер саны Біріккен Ұлттар Ұйымын дамытуға бөгет болып отыр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG