Accessibility links

АҚШ пен Қытай Пхеньянға қысымды "барынша ұлғайтуға" келісті


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Қытай лидері Си Цзиньпин. Флорида, 7 сәуір 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Қытай лидері Си Цзиньпин. Флорида, 7 сәуір 2017 жыл.

Пхеньянның ядролық қару мен баллистикалық зымыран сынақтарын өткізуіне байланысты дағдарыс шиеленісіп отырған шақта АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай президенті Си Цзиньпин Солтүстік Кореяға қысымды "барынша ұлғайтуға" келіскен. Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп пен Цзиньпин 18 қыркүйекте телефонмен әңгіме барысында "Солтүстік Кореяның халықаралық қауымдастыққа қатер төндіруі" мен Пхеньянның "Солтүстік-Шығыс Азияда тұрақсыздандыруға" әрекетін талқылған.

Трамп дүйсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке келген. Қытай Коммунистік партиясының съезін өткізуге дайындалып жатқан Си Цзиньпин БҰҰ жиынына қатыспайды. Болжам бойынша, Пекиндегі съезде Си Цзиньпинді билік басында тағы бес жылға қалдыру туралы шешім қабылдайды.

Қытай мемлекеттік Xinhua агенттігінің хабарлауынша, екі елдің басшылары телефон әңгімесі кезінде Трамптың Қытайға жоспарланған сапары туралы да сөйлескен. Си Цзиньпин екі елдің ортақ мүдделері мен Қытай мен АҚШ-тың әртүрлі саладағы ынтымақтастығын дамытуға зор мүмкіндіктері барын айтқан деп хабарлайды Xinhua.

АҚШ лидері Қытай басшысын Солтүстік Кореяны жуасытуға көмектесуге ықпал жасауға шақырған.

XS
SM
MD
LG