Accessibility links

Шымкентте "деструктивті топтың" ұсталғаны хабарланды


Оңтүстік Қазақстан облысының картасы. (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысының картасы. (Көрнекі сурет).

Сейсенбі күні Шымкентте "деструктивті діни ағымды ұстанушыларынан құралған қылмыстық" топтың ұсталғаны хабарланды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, бұл топты Шымкент қаласының «Гарант» дүкендері аумағынан полицейлер мен облыстық ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстаған.

«2017 жылдың 19 қыркүйек күні Шымкент қаласының «Гарант» дүкендері аумағында Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті және ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қызметкерлері бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы іс-шара өткізді» делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатқан.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG