Accessibility links

БАҚ: Семейдегі әскери жаттығу кезінде адам өлді


Семей қаласы. Көрнекі сурет
Семей қаласы. Көрнекі сурет

19 қыркүйекте Семейде өткен терроризмге қарсы дайындық кезінде адам өлгені хабарланды. Жергілікті Semey Ainasy ақпарат вебсайтының жазуынша, сейсенбі күні жаттығудан соң сауытты көліктер тізбегі шіркеу маңынан Абай көшесімен өтіп бара жатқан. Сол кезде "Арлан" көліктерінің бірі күтпеген жерден аударылып қалған да, әскери қызметкер жаншылып өлген.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға орнында жан тапсырған адам 44736 әскери бөлімнің механик-жүргізушісі болып шыққан. Төтенше жағдайдың себебін мамандар анықтап жатыр, тексеру комиссиясы құрылған.

XS
SM
MD
LG