Accessibility links

Ресей Беслан құрбандарына 3 миллион еуро төлейді


Бесланда 2004 жылғы шабуыл құрбандандарын еске алу күні қойылған суреттер мен ойыншықтар. 3 қыркүйек 2017 жыл.

Еуропалық адам құқығы жөніндегі сот (ЕАҚС) қыркүйектің 19-ы күні өтемақы туралы шешімін қайта қараудан бас тартқаннан кейін Ресей әділет министрлігі Бесланда 2004 жылғы терактіде зардап шеккендерге үш миллион еуро төлеуге келісті. Министрлік сот шешімі орындалатынын айтты деп хабарлайды "Интерфакс".

Сәуір айындағы қаулысында ЕАҚС Ресей билігі адамдардың өміріне төнетін ықтимал қауіптің алдын алу міндетін орындай алмаған және шабуылды кепілдегі адамдарға қауіп барынша аз болатындай етіп жоспарламаған деген ұйғарым жасаған. Кремль бұл шешіммен келіспеген. Ресей әділет министрлігі сот шешімін қайта қарауды сұрап шағым берген. Қыркүйектің 19-ы күні министрлік өкілдері сот шешімі алдағы уақытта "терактілердің алдын алуға проблема туғызады" деп мәлімдеген.

Еуропалық адам құқығы жөніндегі сот "Беслан аналары" бастамашыл тобы берген бірнеше арызды қараған. Сотқа жүгінгендердің жалпы саны 400 адамнан асқан. Арыз иелері Ресей билігі терактінің алдын алмай, азаматтардың өмірін қорғау жөнінде алған міндеттемелерін бұзды деп шағымданған. Соттың алғашқы отырысы 2014 жылы өткен.

2004 жылғы 1 қыркүйекте Беслан қаласындағы №1 мектепті басып алған қарулы содырлар 1200-ден астам оқушы мен мұғалімді үш күн бойы кепілде ұстаған. Террорлық шабуыл мен кепілдегілерді босату үшін 3 қыркүйекте жасалған шабуыл барысында 334 адам қаза тапқан, арасында 186 бала бар. Бесландағы терактіге жауапкершілікті шешен содырлары жетекшілерінің бірі Шамиль Басаев өзіне алған.

AzattyqTV

Еревандағы наразылық шарасының жалғасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00
XS
SM
MD
LG