Мексикада жер сілкінісі салдарынан опат болғандардың саны 200 адамнан асты деп хабарлады Associated Press.
Ел астанасы Мехикода қираған 40-тас аса ғимараттың арасында мектеп те бар. Мексика президенті Энрике Пенья Ньетоның мәлімдеуінше, құлаған мектептің орнынан қаза болған 22 адамның денелері табылған, көпішілігі – балалар.
Баспасөз құралдарының сәрсенбі күнгі таңертеңгі деректері бойынша, соңғы бір айда екінші рет қайталанып отырған жер сілкінісінен 250-ге жуық адам мерт болған. Олардың жүзге жуығы – Мехико тұрғындары.
Табиғи апатқа байланысты елде төтенше жағдай жарияланды. Жер сілкінісі зардап әкелген аудандарда құтқарушылар, әскерилер мен еріктілер қираған ғимараттардың үйінділері астынан адамдарды іздестіріп жатыр.