Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы: әлемде қауіп-қатер ұлғайып барады


БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш. Нью-Йорк, 19 қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ бас хатшысы Антонио Гутерриш әлемде тұрақсыздық көбейіп, жанжалдар дендеп барады деп санайды. БҰҰ Бас Ассамблеясына жиналғандар алдындағы алғашқы сөзінде ол ұйым мүшелерін Солтүстік Кореямен шиеленісті жағдайды соғысқа дейін жеткізбеуге шақырды. АҚШ президенті Дональд Трамп Бас Ассамблеядағы сөзінде егер Пхеньян ядролық қаруды дамыту ниетінен қайтпайтын болса, онда әскери жолмен араласуға тура келуі мүмкін екені жайлы мәлімдеген болатын.

Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерін Корей түбегінде ядролық қарудан бас тарту мәселесінде бірлік танытуға шақырды. Ол дағдарысты бейбіт жолмен шешу қажеттігін, бойкүйездік позиция қарулы жанжалға алып келуі мүмкін екенін атап айтты.

БҰҰ бас хатшысы саясаткерлердің сайлаушылар қолдауына ие болу үшін босқындар мен мигранттарды жаман етіп көрсететіндігіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Гутерриш қазіргі қызметіне дейін 10 жыл БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары болып істеген.

Әлем лидерлері ғаламдық климат туралы Париж келісіміне сәйкес, ауаға тарайтын зиянды заттарды бөлуді азайтуға барынша күш салуы тиіс деп мәлімдеген Гутерриш. Бұған дейін АҚШ Париж келісімінен шығу процесін бастаған болатын. БҰҰ климаттың өзгеруіне қатысты бұлтартпайтын ғылыми дәлелдер бары туралы мәлімдеген.

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG