Accessibility links

Қырғызстанның Жалалабад облысы Ала-Бука ауданындағы «Баймак» шекаралық өткізу бекеті толық жұмыс істей бастады деп хабарлады журналистерге Жалалабад облысы билігінің өкілі Мамасалы Акматов. Оның сөзінше, қыркүйектің 19-ы күні «Баймак» бекеті көршілес екі елдің жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен ашылған.

16 қыркүйекте Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаковтың қаулысына сәйкес, «Баймак» шекара бекетінен азаматтар мен көлік құралдарын жеңілдетілген тәртіппен өткізуді бастаған болатын. Алайда, Өзбекстан тарабының сұрауы бойынша, өткізу бекеті «техникалық себептермен» уақытша жабылған.

Осы айдың басында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қырғызстанға екі күндік сапармен барған кезде екі елдің арасында қырғыз-өзбек шекарасы туралы келісімге қол қойылған.

Бұған дейін, 6 қыркүйекте Қырғызстанның Ош облысындағы «Достук» шекара бекеті 24 сағаттық жұмыс тәртібіне көшкен. Ол бекетте де шекарадан өтудің жеңілдетілген тәртібі енгізілген.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасында екі жаққа өткізетін 11 автокөлік және 3 теміржол бекеті бар. Қырғызстанда 2010 жылғы сәуір және маусым айында болған оқиғалардан кейін Өзбекстан үкіметі өз аумағына қырғызстандықтарды тек Өзбекстанда тұратын туыстарының шақыртуы немесе жеделхаты бойынша кіргізетін тәртіп енгізген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG