Accessibility links

Саакашвили өзін азаматтықтан айырған құжаттарды беруді талап етті


Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили президенттің жұмыс резиденциясының алдында тұр. Киевке, 19 қыркүйек 2017 жыл.
Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили президенттің жұмыс резиденциясының алдында тұр. Киевке, 19 қыркүйек 2017 жыл.

Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили Киевке келіп, өзін Украина азаматтығынан айыру туралы биліктің шешіміне қарсылық білдіретіні туралы мәлімдеді.

19 қыркүйекте Киевтегі президент әкімшілігінің алдында журналистер алдында сөйлеген Саакашвили президент кеңсесі мен мемлекеттік органдардан өзін Украина азаматтығынан айыру туралы шешім қабылдағанда президент Петр Порошенко негізге алған барлық құжаттарды өзіне және адвокаттарына беруді талап етті.

Бұрын Грузия азаматы болған, кейін Украина азаматтығын алған Саакашвили шілде айында Порошенконың шешімінен соң азаматтығы жоқ тұлғаға айналған.

10 қыркүйекте Саакашвили украин билігінің шешіміне қарсы шығып, Польша арқылы Украина шекарасын кесіп өткен. Саакашвили шекара бекетіне жиналған жүздеген жақтасының арқасында мемлекеттік шекарадан бейберекет өтіп кеткен еді.

10 қыркүйекте Саакашвилидің шекарадан өткені туралы видео:

Михаил Саакашвили мен жақтастарының шекарадан өтуі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

13 қыркүйекте Черновцы қаласында өзін қолдаушыларға арнап сөйлеген сөзінде Саакашвили Украинаға өзін азаматтықтан айыру туралы шешімге қарсылық айту үшін ғана емес, елдегі "саяси дағдарысты" шешуге септесу үшін келгені туралы мәлімдеген. 18 қыркүйекте Львов соты Саакашвилидің "елге заңсыз кіруі" туралы істі қарауы тиіс еді, бірақ сот отырысы 22 қыркүйекке ауыстырылған.

XS
SM
MD
LG