Accessibility links

Қырымдағы сотта белсенді "Украина азаматы" екенін айтты


Қырым татарлары меджлисі төрағасының орынбасары Ильми Умеров сотта отыр. Симферополь, 20 қыркүйек 2017 жыл.
Қырым татарлары меджлисі төрағасының орынбасары Ильми Умеров сотта отыр. Симферополь, 20 қыркүйек 2017 жыл.

Ресей аннексиялап алған Қырымда сепаратизм айыбымен сотқа тартылып жатқан Ильми Умеров Симферополь сотындағы жарыссөз барысында "Украинаның ғана азаматы" екенін мәлімдеген. Ол Ресейдің 2014 жылы Украина құрамындағы Қырымды аннексиялап алуын бірнеше рет сынаған. Умеров соңғы жылдары Ресей билігі қылмыстық іс ашып, қудалауға салған Қырым татарлары жетекшілерінің бірі.

20 қыркүйекте сотта тараптардың жарыссөзі кезінде прокурор судьядан Ильми Умеровті үш жарым жылға бас бостандығынан айыруды, сонымен бірге үш жылға қоғамдық және оқытушылық қызметпен айналысуына тыйым салуды сұраған.

Қырым татарлары меджлисі төрағасының орынбасары, 60 жастағы Ильми Умеров сотта сөйлеген соңғы сөзінде "мен тек Украинаның ғана азаматымын" деп мәлімдеген.

"Аннексияны аннексия деп, ал орнатылған билікті – оккупациялық деп атаймын", - деген ол өзіне тағылған айыптар тек жалғыз мақсатты – аннексияға қарсы шыққандардың барлығын жазалауды көздейтінін айтқан.

XS
SM
MD
LG