Accessibility links

"Сібірді Ресейден бөлуге" үндеген адамды психиатриялық емханаға жіберді


Ресейдің Иркутск облысындағы Ангарск қаласы.
Ресейдің Иркутск облысындағы Ангарск қаласы.

"Сібірді Ресей құрамынан бөліп алуға" және "Орал өзенінен Тынық мұхитына дейінгі аймақта дербес республика" құруға шақырған жергілікті тұрғын сот шешімі бойынша психиатриялық ауруханаға емделуге жіберілген. 20 қыркүйекте Иркутск облысындағы Ангарск қаласының соты аты-жөні жарияланбаған адамға шығарған үкімінде оны қылмыстық кодекстің "Ресей федерациясының территориялық тұтастығын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға көпшіліктің көзінше шақыру" бабы бойынша айыпты деп таныған. Сот әлгі адам қылмысты "ақыл-есін билей алмай" қалған кезде жасаған деп ұйғарып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босату және мәжбүрлі түрде емдеуге жібері турылы шешім қабылдаған.

Іс материалдарында 2016 жылғы қаңтарда мобильдік телефон байланысы арқылы интернетке қосылған ер адам Сібірді Ресейден бөліп алуға шақырған.

Мәскеу 2014 жылғы наурызда Украинаның Қырым түбегін аннексиялаған соң және Украинаның шығысындағы үкімет күштері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы жанжалға киліккеннен кейін Ресейде тәуелсіз республикалар құруға шақырғаны үшін бірнеше адам жауапқа тартылған.

XS
SM
MD
LG